Коронавирус: Министрлік фейк кеңестерге қатысты полицияға жүгінбек

03 наурыз, 14:30

Фото: toppress.kz

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирустен қорғануға қатысты жалған ақпараттың таралуына байланысты құқыққорғау органдарына жүгінді, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Алматы. NEGE. «Маған профессор Досқалиевтің (Жақсылық – ҚазТАГ) мұндай ұсыныстар бергені белгісіз (коронавирустен қорғану үшін аш қарынға сарымсақ жеу – ҚазТАГ), бірақ мен айтайын, бұл фейк, оның таратылуына қатысты құқыққорғау органдарына тиісті мәлімдеме жасайтын боламыз», - деді Біртанов дүйсенбідегі брифингте. Ол тіпті зілі жоқ ақпарды да жалған ақпарат деп қабылдайтынын атап өтті.

«Кез келген, тіпті зілі жоқ ақпар болса да біз оны жалған ақпарат ретінде қарайтын боламыз, себебі бұл нақты бір адамның атынан айтылып отыр», - деп түсіндірді ол.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации