Қорықшыны өлтіргендердің туыстары құран бағыштап, кешірім сұрады

25 ақпан, 11:01

Фото: ғаламтордан

Қорықшы Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендердің туыстары мен ауылдастары жиналып марқұмның жақындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Алматы, NEGE. Егер олар кешірім берсе, өткен аптада ғана Қарағанды соты өмір бойына бас бостандығынан айырған үш азаматтың «жазасы жеңілдей ме?» деп үміттенеді.

Шүкілдіков, Ахметов және Ақшанов туып-өскен Абай ауылының тұрғындары алдымен марқұм Ерлан Нұрғалиевке құран бағыштады. Сосын жиналған жұрт марқұмның отбасынан кешірім сұрады. Осылайша туыстарының жазасын жеңілдеткісі келеді. «Адам өлтіргені үшін түрмеге қамау әділ шешім, дегенімен ғұмырының соңына дейін абақтыға қамау тым ауыр», - дейді олар. Сондықтан бүтін бір ауылдың халқы сотталғандарға басқа жаза тағайындауды сұрап отыр.  

«Күнде «әкешім» деп сұраған кезде айтуға сөз таппай қаламыз. Тек жазасын жеңіл қылыңыздар. Кінәлі емес демейміз, кінәлі. Бірақ кінәнің де өз шегі болады. Ортаға бала-шағасының арасына, мейлі кәрі болсын, бірақ қайтып келуін сұраймыз», - деді Ақшановтың жары Жанар Ақшанова.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации