«Қордай оқиғасына» байланысты 90 қылмыстық іс қозғалды

19 ақпан, 14:31

Фото: Instagram

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Қордайдағы оқиғаларға байланысты 90 қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Қожаевтың айтуынша, бүгінгі күнге дейін жүздеген адамдардан жауап алынған, осы оқиғаға қатысушылардың әр қайсының рөлі анықталып, процессуалды істер мен қажетті тексерулер жүргізілуде.

Барлық қажетті іс жүргізу дәлелдемелерін алғаннан кейін кінәлілер жауапқа тартылады.

«Қылмыстық істер өте көп, күн сайын қылмыстық істердің саны жаңа мән-жайлармен толығып, нақтыланып жатқандықтан саны артуда... Әр түрлі эпизодтарды қамтитын 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалуда», – деді Қожаев.

Министрдің орынбасары полицияға бағынбай, жанжалды қоздырушы үш адамның ұсталғанын, оларға қатысты істің сотқа жіберілгенін атап өтті. Осы оқиғаның бір себебі – қарт адамды ұрып-соққан кінәлілер де анықталып, тұтқынға алынған, қазір қамауда. Басқа да арандатушыларға байланысты ақпарат алдағы уақытта жарияланада.

Ұсталғандардың нақты санын жариялаудың мүмкін болмау себебін Қожаев «іс-шаралардың ауқымдылығымен байланыстырды.

Бұған дейін Қордай ауданындағы тәртіпсіздік фактілері бойынша 25 қылмыстық іс тіркелгені хабарланған болатын.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации