Коммуналдық төлем мерзімі жыл соңына дейін ұзарды

22 наурыз, 10:48

Фото: almaty.tv

Алматы әкімдігінің бастамасы бойынша коммуналдық қызмет ақысын төлеудің мерзімі ұзарды. Бұл туралы бүгін, 22 наурыз күні "Алматыэнергосбыт" ЖШС директорының орынбасары Ольга Антонова мен «Алматытелеком» коммерциялық директоры Найла Әбділдаева мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Төтенше жағдай салдарынан коммуналдық қызмет ақысын төлей алмай отырған Алматы тұрғындары борыштарын жыл соңына дейін өтеуіне болады. Мұндай жеңілдік коронавирус індетіне байланысты жарияланған карантинге орай коммуналдық қызметтерді уақытында төлеуге мүмкіндігі жоқ қала тұрғындарына беріледі.

Бүгінгі күннен бастап карантиндік жағдайға байланысты қиын материалдық жағдайға тап болған тұтынушы телефон арқылы немесе электрондық сайттар арқылы қызмет көрсетушінің есеп айырысу бөліміне хабарласып, жылдың наурыз және сәуір айлары үшін төлемдердің мерзімін ұзарта алады.

Төлемдер бойынша кейінге қалдыру тек жеке тұлғаларға сумен жабдықтау және кәріз жүйесі үшін («Алматы Су» МКК), жылыту және ыстық сумен жабдықтау («Алматы жылу желілері» ЖШС), электр энергиясы («Алматыэнергосбыт» ЖШС), газбен жабдықтау («ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалы), телефон байланысы («Алматытелеком» АТД) қызметтері бойынша беріледі.

Айта кетейік, карантин кезінде коммуналдық қызметтерге қарызы бар тұрғындарды электр жарығынан, судан, жылу мен газдан және телефон байланысынан ажырату жоспарланып отырған жоқ.

Сондай-ақ жеке тұлғалар коммуналдық қызмет ақысын уақтылы төлемегені үшін айыппұлдар салынбайды.

Төлемдерді кейінге қалдыруды ресімдеу үшін кәсіпорындардың

call-орталықтарының нөмірлері:

«АлТС»: +7 (727) 341-07-77, info@alts.kz

- +7 (701) 098-45-05, ortalyc@alts.kz – «Орталық» КҚКО (Алмалы және Бостандық аудандарының тұрғындары үшін);

- +7 (708) 249-87-79, batys@alts.kz – «Батыс» КҚ (Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарының тұрғындары үшін);

- +7 (777) 969-84-46, shygis@alts.kz – «Шығыс» КҚ (Жетісу, Медеу және Түркісіб аудандарының тұрғындары үшін);

«Алматы Су»: +7 (727) 3-777-444, almatysu.kz және as-portal.kz;

«АлматыЭнергоСбыт»: +7(727) 356-99-99, 399-99-00, esalmaty.kz

«ҚазТрансГаз»: +7 (727) 244-55-33, ktga.kz;

«Алматытелеком»: 160, +7 708 000-01-60, telecom.kz;

Тәртіп АҚ: 7 (727) 344-19-19, +7 (727) 393-08-05, +7 (727) 393-08-03, tartyp.kz;

«Алматы лифт»: +7(727) 390-28-19.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации