Көліктің VIP нөмірі қанша тұрады?

26 ақпан, 12:24

Фото: facebook.com

Қазақстандықтардың VIP көлік нөмірлеріне деген сұранысы азайған, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.

Алматы, NEGE. «2019 жылы ел азаматтары автоХҚО арқылы 3,018 млрд теңгеге 12 658 ерекше тіркеу нөмірін сатып алған. Бұл қаржылай көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда жарты миллиард теңгеге кем. Онда қазақстандықтар 14 909 VIP нөмірі үшін 3,560 млрд теңге жұмсаған», делінген хабарламада.

Айта кетейік, ол уақытта мамандандырылған ХҚО-мен қатар ерекше нөмірді полицияның тіркеу-емтихан алу бөлімдері де рәсімдейді. Бүгінде ерекше сандар мен әріптердің тізбегін көп сатып алатындардың рейтингісін Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларының тұрғындары бастап тұр.

Көлік иелері жаңадан сатып алған темір тұлпарына ерекше нөмірлерді мамандандырылған ХҚО немесе egov.kz арқылы онлайн тіркеу барысында таңдай алады. Сондай-ақ егер азаматтың бұрыннан VIP-нөмірі болса, жаңадан алған көлігіне алты ай ішінде сол нөмірді қайта рәсімдеуге құқығы бар.

Айта кетерлігі, көліктердің VIP санатындағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 2014 жылдан бері сатылып келеді. Қазақстандықтар қалауынша сандар тізбегін таңдап, бірдей әріптерге тапсырыс бере алады.

2020 жылы АЕК мөлшерінің өсуіне байланысты VIP-нөмірлердің бағасы келесідей өзгерді:

Нөмір белгілері Баға
010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 151 107тг (57 АЕК)
010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 белгілері мен XXX, YYY, MMM, AAA т.с.с. сияқты бірдей әріптік белгілер 302 214 тг (114 АЕК)
100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 363 187 тг (137 АЕК)
100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мен XXX, YYY, MMM, AAA т.с.с. сияқты бірдей әріптік белгілер 514 294 тг (194 АЕК)
001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 604 428 тг (228 АЕК)
001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мен XXX, YYY, MMM, AAA т.с.с. сияқты бірдей әріптік белгілер 755 535 тг (285 АЕК)
әріптік белгіленуі бірдей (цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 777, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қоспағанда) 151 107 тг (57 АЕК)
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации