Көлік жуу орталығының иелері жазаланды

10 сәуір, 19:01

Фото: polisia.kz

Алматыда карантин кезінде жұмыс істеген көлік жуу иелері жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Төле би даңғылында орналасқан көлік жуу жергілікті биліктің карантин кезеңінде қызметін тоқтата тұру туралы бұйрығына қарамастан жұмыс істеген. Белгілі болғандай, көлікті жуатын жұмысшылар әдеттегідей жұмысына шығып, тұтынушыларға қызмет көрсеткен.

Алматы, NEGE. «Меншік иесінің және жұмысшылардың мұндай жауапсыздығын ешнәрсе ақтай алмайды. Заң бұзушылардың ешқайсысы олардың карантиндік режимді неге бұзғандарын түсіндіре алмады. Бәрі қосымша ақша тапқысы келгені түсінікті, бірақ елде төтенше жағдай жария етілген кезде халықтың денсаулығына қауіп төндіру – қылмыс. Нысанның барлық жұмысшылары, соның ішінде оның иесі де ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы 6-бөлімі (карантинді бұзу және басқа да міндетті санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жиналған материалдар мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды. Өзіңізді және басқаларды қатерге тігу ешқандай ақшаға тұрмайды, әсіресе, бұл заңмен тыйым салынса. Біз осындай нысандарды анықтап, карантиндік режимді бұзушыларды қатаң жазалайтын боламыз», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық Полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.
 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации