Көлік ұрлығына қатысты күдікті ұсталды

03 наурыз, 19:00

Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында полиция қызметкерлері 40 жастағы ер адамды автокөліктен ұрлық жасаған күдікпен ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 24 ақпан күні кешке техникалық қызмет көрсету станциясының жанында тұрған “Нива” автокөлігі күдіктінің назарын аудартқан.

Жүргізуші автокөлікті кілтке жаппағанын пайдаланып, көлікке кіріп, магнитоланы және ішкі айнаны ұрлап кеткен.

Қылмыстық әрекеттерді ТҚКС қызметкерлері байқап қалды. Адамдардың байқап қалғанын көрген қаскүнем қылмыс орнынан жасырынбақшы болды. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыс орын алған жерден күдіктіні ұстап үлгерді.

Ұсталған азамат бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған 1979 жылғы жұмыссыз жергілікті тұрғын  болып шықты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации