Көкшетауда жасанды тыныс алу аппараты өндіріліп жатыр

26 наурыз, 21:50

Фото: inform.kz

Көкшетаудағы зауыт жасанды тыныс алдыратын аппарат өндіріп шығаруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы. NEGE.  Кәсіпорын басшылығының мәліметінше, қазіргі кезде зауыт алғашқы "Көкшетау-4" өкпеге жасанды тыныс беру аппараттарын облыстағы медициналық мекемелерге таратқан.

"Зауытта осыған дейін шығарылып, дайын тұрған 17 аппаратты облыстағы медициналық мекемелерге бердік. Тағы 50 дана аппарат шығарылуда. Жалпы, бүгінгі күнге дейін 300 дана "Көкшетау-4" өкпені жасанды тыныс алдыратын аппаратқа сұраныс түсті. Зауыттың айына осындай 20-30 дана аппарат шығаруға мүмкіндігі бар. Тек, кейбір қажетті материалдарды сырттан алдыртамыз. Сол біраз қиындық туғызып отыр", - деді зауыттың сату және өткізу бөлімінің басшысы Айбек Қабиев.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации