Қоймадан қару мен есірткінің ірі партиясы табылды

11 наурыз, 12:09

Фото: ctc-rk.kz

Жамбыл облысы тұрғынының қоймасынан қару мен есірткінің ірі партиясы табылды, деп хабарлады ҚазТАГ  Қазақстанның ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.

Алматы. NEGE. «Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданында Төле би ауылының 41 жасар тұрғынын ұстады. Оның көлігін тексеру барысында салмағы 4,63 кг. «гашиш» есірткі заты оралған целлофан пакет табылды. Тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту жұмыстары барысында 12-калибрлі қару, 12 калибрлі төрт патрон, қоймасынан салмағы 30,38 кг «марихуана» есірткі заты табылды», - делінген сәрсенібдегі хабарда.

Полицейлердің айтуынша, күдікті кінәсін мойындап, Шу қаласында УҰИ тоғытылды.

«Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 297 бабы 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді», - делінген хабарда.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации