USD
USD
USD

Қойдың майы, адыраспан, сарымсақ және маска

Жағдай ушығып тұрғанына қарамастан, жұрт әзіл-қалжыңды да ұмытқан жоқ. Әлеуметтік желіден әзіл-қалжыңның түр-түрін табуға болады. Әдемі айтылғаны да, орынсызы да бар.

Қойдың майы, адыраспан, сарымсақ және маска
Фото: NEGE.kz

Бүгін Алматы қалалық әкімдігінің алдында әкімнің орынбасары Ерлан Қожағапанов тікелей эфриге шықты. Әкімдіктің баспасөз орталығы карантинге жабылыпты. Сол себепті тікелей эфирлер бұдан былай әкімдіктің алдында өтетін болды. Қожағапанов Алматыдағы төтенше жағдайды түсіндіре келе, әдемі әзіл айтты.

«Қыз-келіншектер мені кешірсін. Бірақ мен күнде сарымсақ, пияз жеймін. Дұрыс тамақтану керек. С витаминін көп пайдаланыңыздар. Маска тағып жүріңіздер», – деді ол.

Айтпақшы, адыраспанның бағасы өсіп кетіпті. Оның түтіні кейбір жағдайда пайдалы болғанымен, тыныс жолдарының созылмалы дерті бар адамдарға зиянын тигізуі мүмкін екен.

Қойдың майына қатысты да түрлі кеңестерді табуға болады. «Қойдың майына жететіні жоқ. Нарынқолдан қойдың майын көп алғызып қойдым», – депті желі қолданушылардың бірі.

Қысқасы, денсаулығыңызға зиянын тигізбейтін сақтанудың барлық түрі пайдалы. Артық қылам деп, тыртық қылып алмаңыз. Ең бастысы – үйден шықпауға тырысыңыз, шыққан жағдайда маска тағып жүріңіз!   

Қазір оқып жатыр

Мұнайдың тағдырын кім шешеді? Экономист Үкіметтің болжамына баға берді

Сапарбай Жұбаев

Volkswagen ондаған мың жұмыс орнын қысқартып, 2030 жылға дейін жалақыны өсірмеуді жоспарлаған

 Volkswagen

Тоқаев әскери әзірлік сапасын арттырып, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды талап етті

Тоқаев, Омарбеков, Савельева

«Санитарлар зорлық-зомбылық көрсеткен»: Аягөзде ерекше балаларды қорлаудың жүзден астам фактісі анықталды

Тәрбиеленуші мен санитар