Қоғамдық көліктерді дезинфекциялау басталады

13 наурыз, 19:51

Фото: Nege.kz

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Керекті жабдықтар өндірушілер арқылы шешіліп жатыр. Алматы әкімшілігі Avrora Holding компаниясымен келісімге қол жеткізіп, антисептикалық құралдарды жеткізеді. Сондай-ақ, әкімдік ірі 20 дәріхана желісімен кездесіп, алғашқы кезде керек дәрі-дәрмектің бағасын көтермеуге уағдаласқан.  

«Әуелгіде дезинфекциялау құралдары жеткіліксіз еді. Қазір керекті жабдықтарды өндірушілер арқылы шешіп жатырмыз. Сондай-ақ, дезинфекциялау кезінде ультракүлгін  сақтау құралдары да қойылады. Автопарктер қоғамдық көліктерге бүгіннен бастап дезинфекция жүргізеді. Егер бұл талапты орындамаса, жауапкершілікке тартылады», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации