Қоғамдық көлік тұрақты дезинфекцияланады

08 сәуір, 16:35

Фото: ғаламтордан алынды

Карантиндік тәртіптің енгізілуіне байланысты барлық ұйымдардың жұмыс уақытының қысқарғаны белгілі. Осыған орай Алматы қаласындағы қоғамдық көліктердің жұмыс уақытын сағат 19.00-ге дейін қысқарту туралы шешім қабылданған еді. Соңғы апта нәтижесі не сәйкес жолаушылар ағыны 80%-дан астам төмендеген.

Алматы, NEGE. 7 сәуірдегі ақпарат бойынша 114 қалалық маршрут 991 автобус жұмысқа шығып жүр. Бір автобуста күніне жолаушылар саны 107 адамды құрайды. Осылайша, бір рейстегі жолаушылардың орташа саны 12-13 адамнан аспады. Бұл жолаушылар үшін қажетті қауіпсіз қашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қалааралық және қала маңынан қатынайтын маршруттардың жұмысы тоқтатылды. Оларды қалпына келтіру төтенше жағдай тәртібі аяқталғаннан кейін ғана іске асатын болады.

Қалалық қоғамдық көлікте коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін «Алматы қаласының дезинфекция орталығы» ШЖҚ РМК, «НұрТаңсық» ЖШС және «IC Development» ЖШС мамандандырылған компаниялары барлық автобустарды дезинфекциялау жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуде. Олар түнгі уақытта барлық 16 автопарктерде көлік салондарын дезинфекциялаумен айналысады (көліктің шанағын жуғаннан кейін, салонда ылғалды тазалау жұмыстары жүргізіледі, содан кейін ғана дезинфекция жасалып және автобус есігі жабылады). Күндізгі уақытта әрбір соңғы аялдамада автобус салонына тазалық жүргізетін мобильді санитарлық өңдеу посттары жұмыс істейді.
Метрополитен бойынша жолаушылар ағыны 90%-ға төмендеді, демалыс күнгі режиммен жұмысы жалғасып жатыр. Мұнда да соңғы деполарда вагондарға дезинфекция жүргізіледі. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации