Кодекс жобасы талқыланды

25 ақпан, 11:55

Фото: almaty-akshamy.kz

Алматыда «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа кодекстің жобасы талқыланды. 

Алматы, NEGE. Жиында балалардың жыныстық қатынас тақырыбына ерте араласу мәселесі қаралды. Қолданыстағы кодексте кәмелетке толмағандардың репродуктивті денсаулығын сақтауға, сондай-ақ адамгершілік-жыныстық тәрбие алуға құқығы белгіленген.

Жаңа Кодекстің жобасымен аталған құқық неғұрлым егжей-тегжейлі регламенттеледі, өйткені репродуктивті денсаулықты қорғау және адамгершілік-жыныстық тәрбие алу дұрыс жыныстық мінез-құлық туралы ақпараттандырылуға байланысты. Дұрыс жыныстық мінез-құлықтың мақсаты ‐ қажетсіз жүктілікті және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралуын алдын алу болып табылады.

Өз кезегінде осы мәселені реттеу мақсатында ақпаратты келесі жазбадағыдай көрсету ұсынылады: «Әрбір бала қажетсіз жүктілікті және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралуын болдырмау мақсатында репродуктивті денсаулығын сақтау туралы ақпаратты қолжетімді нысанда алуға құқылы».

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин 16 жастан бастап дәрігердің кеңесін алуға рұқсат беру қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, бұл балалардың денсаулығы мен өмірін қорғайды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, осы Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Зәуреш Аманжолова репродуктивті денсаулық бойынша дәрігердің консультациялық көмегі туралы норманы бекіту жоспарланғанын түсіндірді. Бүгінгі таңда Қазақстанда репродуктивті медицина мектебі бар, кеңес алу үшін педагогикалық ұжымның рұқсаты қажет.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации