Қырғызстанда төтенше жағдай жарияланды

24 наурыз, 11:57

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бірнеше қала мен ауданда төтенше жағдай енгізілетінін мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Президент төраға, елдің премьер-министрі және Жоғарғы соттың төрағасымен кездесу барысында Бішкек, Ош, Жалал-Абад, Ноқат, Қарасу, Созақ аудандарында төтенше жағдай жариялатынын мәлімдеді. Президент қажетті қаулыларға қол қойылғанын және оның Жоғарғы Кеңеске жолданғанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, төтенше жағдай режимі ертең, 25 наурызда сағат 08.00-ден бастап 15 сәуір сағат 08.00-ге дейін жалғасады. Айта кетейік, бүгінде Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 16 адамға жетті. Соңғы екеуі 23 наурызда анықталды. Олардың 15-і Сауд Арабиясынан келген және біреуі Франциядан келген. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации