«Қазгидромет» хабарлайды

16 ақпан, 07:05

Фото: inform.kz

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

Алматы, NEGE. Елдің солтүстік бөлігінде қар, оңтүстік жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Қарағанды, Қостанай, Ақмола, түнде Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 17-22 м/с жылдамдықпен соғады, түнде Жалаңашкөл ауданында жел 30 м/с дейін жетеді.

Жамбыл, түнде және таңертең Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді,

Шығыс Қазақстан облысында боран соғады.

Атырау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации