Қазақстаннан шетелге 3 есе көп қаражат жіберілген

06 сәуір, 11:50

Фото: inbusiness.kz

2021 жылдың қаңтар-ақпанында елімізден шетелге 115,1 млрд теңге немесе өткен жылдың балама кезеңімен салыстырғанда 3 есе көп қаражат аударылған, деп хабарлайды, inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Осы кезеңде халықаралық ақша аударымдар жүйесі арқылы шетелден Қазақстанға 41,2 млрд теңге жіберілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,6%-ға көп. Алайда Қазақстаннан шетелге 3 есе көп ақша аударылған: 115,1 млрд теңге. Бұл 2020 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 37,7%-ға артық. Бір жыл бұрын халықаралық ақша аударымдар жүйесі арқылы жіберілген қаражаттың көлемі шетелден аударылған ақшаның көлемінен 2 есе көп болған. Елімізден шетелге жіберілген қаражат көлемі бойынша алғаш рет Түркия көш бастады: осы жылдың қаңтар-ақпанында бұл елге 28 млрд теңге жіберілген. Екінші орында Ресей тұр: бұл елге 27,7 млрд теңге аударылған. Үздік үштікті Қырғызстан қорытындылайды – 22 млрд теңге. Шетелден аударылған ақшаның көлемі бойынша Ресей көшбасында: қаңтар-ақпанда бұл елден 8,3 млрд теңге алынған. Бұл шетелден аударылған барлық қаражат көлемінің – 20,2% (бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 30,9%). Кейін тізімде Өзбекстан (7,4 млрд теңге), Оңтүстік Корея (6,3 млрд теңге) және Қырғызстан (5,4 млрд теңге) тұр. Түркиядан Қазақстанға 1,7 млрд теңге аударылған. Бұл елімізге жіберілген қаражаттан 17 есе аз.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации