Қазақстанға Қытайдан гуманитарлық көмек келді

02 сәуір, 09:58

Фото: Russian.news.cn

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен жақында өткен телефон арқылы сөйлесуінің қорытындысы бойынша қытай тарапының Қазақстанға гуманитарлық көмек беруі туралы уағдаластық орындалды.

Алматы, NEGE. «Бүгін таңертең Алматы қаласының әуежайына бірінші гуманитарлық көмектің партиясы келді. Оның ішінде тепловизор, тест жиынтығы, медициналық бахила, қолғап, көзілдіріктер және медициналық киім кіреді. Жақын арада Қытайдан медициналық қорғаныс құралдарының тағы да келуі күтілуде» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, Алматы әуежайында жүкті «Фармация» СҚ, Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілдігі, ҚХР Бас консулдығы өкілдері күтіп алды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации