Қазақстандықтарға тыйым салынды

12 наурыз, 15:16

Фото: facebook.com

Қазақстандықтарға коронавирус жұқтырған елдерде өтіп жатқан спорттық, мәдени және туристік іс-шараларға қатысуға тыйым салынды.

Алматы, NEGE. «Инфекцияны әкелмеу мақсатында бүгіннен бастап шаралар қабылдануы керек. 1А және 1Б, 2 және 3 категориядағы елдерге халықаралық бағыттарды шектеу керек. 1А және 1Б, 2 және 3 категориядағы елдерде өтетін халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға баруға тыйым салынады», – деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.

 Айта кетейік, 1 А категориясындағы елдерге Қытай, Иран, Оңтүстік Корея және Италия, 1 Б категориясындағы елдерге Франция, Германия және Испания кіреді. Ал екінші категорияға Швейцария, Ұлыбритания және Нидерланд, үшінші категорияға Бельгия, Швеция, Норвегия, Үндістан, Ирак, Филиппин және АҚШ кіреді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации