Қазақстанда вирусқа қатысты 3 974 адам бақылауда

11 наурыз, 15:08

Фото: коллаж

Министрліктің баяндауынша, ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.

Алматы, NEGE. «4650 адамға мониторинг жүргізілді, оның ішінде 1 «а» санаты бойынша – 1217, 1 «б» санаты бойынша – 189, 2 санат бойынша – 3244 адам медициналық бақылауда болды. Барлығы 676 адам бақылаудан алынды. 11 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 3974 адам бақылауда тұр» делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ, 11 наурыздағы ахуал бойынша, барлығы 90 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен, оның ішінде 1 «б» санаты бойынша – 20 адам, 2-санат бойынша – 36 адам, 3-санат бойынша – 34 адам емдеуге жатқызылған. Емдеуге жатқызылған 90 адамның ішінен 52 адам шығарылды. 38 адам стационарда жатыр.

Барлық ауруханаға жатқызылғандардың сынамалары қосымша бақылау үшін Алматы қаласының орталық референттік зертханасына жіберілді, онда Ұлттық биотехнология орталығының филиалы және Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы 2020 жылдың қаңтарынан бастап Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ұсынған хаттама негізінде COVID-19 ПЦР-диагностикасын бірлесіп жүргізуде.

Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және туындаған сұрақтар бойынша 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына қоңырау шалуға болады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации