Шұғыл! Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны артты

14 наурыз, 12:33

Фото: facebook.com

Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. 

Алматы, NEGE. Біреуі – 1958 жылы туған ер адам. Жеке кәсіпкер. Ол Алматыға Мәскеуден 10 наурызда ұшып келген. Қазіргі таңда карантинде жатыр.

Сонымен қатар, елордада тағы бір науқас тіркелді. Әйел адам. Ол Варшава-Нұр-Сұлтан ұшағымен ұшып келген.

Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған қазақстандықтар саны 6-ға жетті. Оның 4-еуі алматыда, 2-еуі Нұр-Сұлтан қаласында.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации