Қазақстанда үсік басталды

24 қыркүйек, 18:17

Фото: google.com

25 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы, NEGE. 25-27 қыркүйекте Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с күтіледі.

Кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды облысында кей жерлерінде түман күтіледі.

Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде кей жерлерде 2 градус үсік күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең 25 қыркүйектекей жерлерінде тұман күтіледі. Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі.

Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің жылдамдығы15-20 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации