Қазақстанда тағы бір адамнан коронавирус анықталды

19 наурыз, 09:26

Фото:

Індет жұқтырғандар саны 37-ге жетті.

Алматы, NEGE. Алматыда коронавирустық инфекцияның тағы бір оқиғасы тіркелді. Ол - 15 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен келген Ресей Федерациясының азаматы. Қазіргі уақытта ол ауруханада карантинде жатыр, оның жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Бүгінгі таңда елімізде коронавирустың 37 жағдайы расталды, оның ішінде Алматыда - 19, Нұр-Сұлтанда - 18 жағдай.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации