Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмысы неге тыйылмай тұр?

18 қыркүйек, 16:49

Фото: ғаламтордан

 Алматы облысы сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша елде екінші орында. Мемлекеттік сатып алу саласында 60, жер қатынастарында 50-ге жуық қылмыс тіркелген.

Алматы, NEGE. Ал Ақмола облысында соңғы екі жарым жылда 370-тен аса жемқорлық дерегі анықталды. Оның жетпісі биыл тіркеліп отыр. Мұндай жайт «Nur Otan» партиясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында мәлім болды. Қылмыс неге тыйылмай тұр? Алдымен өңірлерде осы парақорлыққа қарсы өтетін жиындардан нәтиже шығарылмайды. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне талдау жасалмайды. Сайып келгенде «жемқорлықпен күрес» формальды күйде ғана қалады. Бір қызметте пара алып, былығы ашылғандар екінші қызметке ауысып кете береді. Яғни жауапкершіліктен босап жатқандар жоқ емес. Енді осыған орай алдағы уақытта заңға түзетулер енгізілуі мүмкін. Тиісті ұсыныс осы отырыста жасалды.

«Nur Otan» партиясының жанындағы республикалық СЖҚІҚ жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Омархан Өксікбаев: «Есіл» төңірегінде 425 миллионның қаражатын жоғалтып, әлде де соның мүлкін толық қайтармай, кемшіліктерге жол берген басшылардың біреуі де жаза тартпай кеткен. Ол неге басқа жұмысқа ауысып кетті? Біз енді бұрынғы қылмыстары үшін жауап беретін жағдайды туындатуымыз керек деп ойлаймын. Бізде қазір қайда барсаң ол жұмыс жасамайды, сондықтан оны жауапкершілікке тарта алмаймыз дейді. Тіпті зейнеткер болса да біз партиялық жауапкершілікке тартуымыз керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенеттікке бір ұсыныс енгізсек деймін, басқа жұмысқа ауысқан адамдарды жауапқа тартатындай заңға өзгерістер енгізсек» деді. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации