Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті

26 наурыз, 10:26

Фото: Ptoday.ru

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті, деп хабарлады ҚазТАГ ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне cілтеме жасап.

Алматы. NEGE. «Соңғы мәліметтер: 88 жағдай тіркелді. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 46, Алматыда – 34, Қарағандыда – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Шымкентте – 2, Жамбыл облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 жағдай», – делінген бейсенбідегі хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 428 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 19 мыңнан астам.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации