Қазақстанда коронавирус таратқандар жауапқа тартылады

12 наурыз, 18:30

Фото: ғаламтордан

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елге коронавируспен оралып, карантиннен жасырынатын адамдарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.

Алматы. NEGE. «Әрине, кейбір жағдайда азаматтар тығылып, қайдан келгендерін жасырады. Өкінішке қарай, біздің жауапсыз азаматтарымыз бар. Біз бұл проблеманы шешу үшін техникалық мәселелерін қарастырып жатырмыз», - деді Біртанов ОКҚ-да өткен брифингте.

Ол бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің арнайы жарлығы туралы айтты.

«Карантиннен бас тартқан немесе қашып жүрген азаматтарға айтқым келеді: бұл жерде әкімшілік жауапкершілік бар. Егер ол ауырып, басқа азаматтарға жұқтырса, заңда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деп ескертті министр.

Еске салайық, 1А санатындағы елдер - Қытай, Иран, Оңтүстік Корея және Италиядан келген азаматтар 14 күн бойы міндетті карантинге жатады. 1В санатындағы елдер - Франция, Германия және Испаниядан келгендер үйінде 14 күнге оқшаулануы керек.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации