ҚР Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды

16 наурыз, 18:26

Фото: e-history.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Секенұлы Орманбетов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.

Орманбетов Нұрлан Секенұлы 1962-ші жылы 12-ші қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1983-ші жылы Харьков жоғары әскери авиация училищесін, 1996 жылы Гагарин атындағы Әскери академияны, 2010-шы жылы РФ ҚК Бас штабы әскери академиясын аяқтаған.

Офицерлік қызмет жолын Одесса әскери округіне қарасты бөлімдерде бастаған. Солтүстік әскерлер тобында авиациялық эcкадрилия командирінің орынбасарына дейін көтерілді.

Әскери ұшқыш ретінде барлық жауапты қызметтерден өткен. Төл әскерімізде полк командирі, бірқатар жауапты қызметтер атқарған. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации