Қазақстан: коронавирус жұқтырған 13 адам тіркелді

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық министрлігі.
Алматы, NEGE. Министрлік Қазақстандағы коронавирусқа қатысты эпидемиялогиялық жағдай жөнінде 17 наурызда сағат 09:00-дағы жағдай бойынша мәлімет таратты. Ведомствоның хабарлауынша, Алматы қаласында корнавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 3 жағдайы тіркелді. Бүгінгі күнде елде коронавирус жұқтырудың 13 жағдайы расталды, олардың 11-і Алматы қаласында, 2-еуі-Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің айтуынша, 1986 жылғы әйел адам 15 наурызда Ыстанбұл қаласынан Алматыға ұшып келген. Сондай-ақ, Қазақстанда Төтенше жағдай жарияланып, азаматтардың 15 сәуірге дейін ел аумағынан шығуына тыйым салынды.