Қазақстан: коронавирус тағы 2 адамнан анықталды
15 наурыз, 13:15
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн-брифинг өткізді.
Алматы, NEGE. Министр елімізде тағы екі адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады. "Біреуі 1959 жылы туған әйел. Ол Мәскеу арқылы ұшып келген науқастың жұбайы. Ал екіншісі кеше Сеул-Алматы рейсімен ұшып келген. Осымен коронавирус жұқтырған науқастың саны 8-ге жетті. 545 адам карантинде жатыр. Ал 1425 адам үй жағдайындағы карантинде" деді министр.