Қазақстан ішінде қатынайтын жолаушы пойыздары толық тоқтады

02 сәуір, 21:30

Фото: 24.kz

Елдегі эпидемиологиялық жағдайды есепке ала отырып, 2020 жылдың 31 наурызынан бастап Қазақстан аймақтары арасында жолаушылар қатынасы толық тоқтатылды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE.  Барлық жолаушылар пойыздарының (соның ішінде жекеменшік тасымалдаушылар және басқа да теміржол әкімшіліктерінің) қозғалысы тоқтатылды. Қазіргі кезде пойыздар орналасқан орындарына қайтып жатыр. Соңғы пойыз бағыты 4 сәуірде тоқтайды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ төтенше жағдай кезінде сапарға шыға алмаған барлық жолаушылар билет сатып алуға жұмсаған ақшасын алдағы алты ай ішінде өздеріне ыңғайлы кез келген күні толық көлемде қайтарып ала алатынын айтады.

Жүрмеген пойыз билетінің ақшасын сату сайттарында онлайн, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында немесе жекеменшік кассалардан қайтарып алуға болады. 12 наурыздан бері жолаушыларға 590 мыңға жуық билет қайтарылған. Карантин режимі аяқталған соң билет сату кассалары өз жұмысын қайта бастайды. «Осыған байланысты, барлық жолаушылардан қоғамдық орындарда теміржол билеттерін қайтаруға байланысты шу шығармай, қауіпсіздік шараларын сақтауын сұрайм\з» деп мәлім етті компаниядан.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации