«Қазақфильмде» бірқатар фильмнің реквизиттері күлге айналған

15 тамыз, 17:05

Фото: ғаламтордан

«Қазақфильм» киностудиясында болған өрт кезінде бірқатар кинотуындының реквизиттері де жанып кетті. 

Алматы, NEGE. Бұл туралы төтенше жағдай қызметінің өкілдері хабарлады. От екі жерден шыққан. Алғашқыда 400, онан кейін 200 шаршы метр аумақты шарпыды. Құтқарушылар төтенше жағдай кезінде бірқатар қиындыққа тап болған. Өйткені киностудия аумағына кірер жол тар. Сөйтіп, өрт сөндіру көліктері сәл де болса кідірген. Оның үстіне су гидранттарындағы қысым да төмен болған.

Гүлдана Нұрымбетова Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі:

- Бүгінгі таңда арнайы сараптама тағайындалды. Полиция департаментінің жедел тобымен өрт зертханасымен зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Материалдар жинақталып, полиция департаментіне жіберілетін болады. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации