Kaspi.kz бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

30 қазан, 13:39

Фото: ғаламтордан

Алматы қаласы ПД криминалдық полициясының хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен 1985, 1986 және 1992 жылы туылған үш ер адам ұсталды.

Алматы, NEGE. Күдіктілер – С. және У.есімді азаматтар Алматыда қалалық криминалдық полиция жедел уәкілдерімен ұсталды.
Үшінші күдікті дәл қазір  Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының ПД қызметкерлерімен ұсталды.  Заттай дәйектер – ұрланған қаражат тәркіленіп, ҚР ҚК-нің  192 бабы, 3 бөлімі бойынша Алмалы аудандық полиция Басқармасының тергеу жүргізген қылмыстық іс материалдарына тіркелген.
 Қаскөйлер қолданған аңшы мылтығы солардың біріне тиесілі екендігі анықталды. Ұсталғандар  қамауға алынды.

Құқық қорғау органдары Kaspi.kz қауіпсіздік қызметінің белсенді қатысуымен Алматыдағы бөлімшеге қарулы шабуыл жасаған үш күдіктіні  ұстады. 
Ұсталғандар кінәларын мойындады және тергеу аяқталған соң сот алдында жауап береді. 
Алматыдағы Kaspi бөлімшесіне шабуыл 15 қазан күні жасалды. Полицияның жоғары кәсібилігі мен жедел әрекетінің арқасында және Kaspi.kz қауіпсіздік қызметінің белсенді қатысуымен тонаушыларды ұстау мүмкіндігі туды. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации