Кәсіпкер әйелдерге арналған «Women in Business» форумы өтті

20 ақпан, 14:20

Фото:

2020 жылдың 20 ақпанында Doubletree by Hilton Almaty қонақ үйінде әйелдер кәсіпкерлігіне арналған «Women in Business» екінші форумы өтті.

Алматы. NEGE.  Іс-шараны Алматы қаласы Іскер әйелдер кеңесі Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырып отыр. 

Форум бизнес, әйелдер кәсіпкерлігі және әлеуметтік мәселелерге арналған нағыз диалог алаңын құру мақсатында бастау алды. Оған экономиканың нақты секторынан 300-ден аса кәсіпкер-әйел, сондай-ақ, тәжірибелі сарапшылар қатысты. 

«Біздің елімізде әйелдер бизнеске үлкен ынтамен кірісіп отыр, мұны статистикалық мәліметтер де растайды. Алматыдағы бизнестің 45%-ын әйелдер басқарып отыр: қызмет жүргізіп тұрған 174,5 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің 78 мыңына әйелдер жетекшілік етеді. Республика бойынша бұл көрсеткіш 43%-ға тең (1,2 миллион кәсіпкердің ішінде 536 мыңы әйелдер). Олар өткен жылы «Атамекеннің» ұйымдастырған бизнес-оқуына үлкен қызығушылық танытты. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстанда 75 мың адам оқудан өтті, олардың 40,7 мыңы (54%) - аяулы әйелдер. «Бастау» жобасы бойынша курстан өткен 55 мың адамның ішінде 30,5 мыңы (55%) тағы да әйелдер. «Жаскәсіпкер» жобасы аясында 20 мың түлектің ішінде 10 мыңнан аса жас әйел бар(51%)», деді «Атамекен» ҰКП Іскери әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат
Рамазанова.

Форум алаңында бизнес тиімділігін көтеру, соның ішінде, әйелдер бизнесіне арналған Agile-тұғыр, жекебас трансформациясының бизнес табысына ықпалы, салық заңнамасындағы басты өзгерістер сынды тақырыптарға арналған шеберлік сабақтары мен практикумдар өтті. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации