Қашықтан оқитын оқушыларға қандай жағдай жасалады?

27 наурыз, 19:53

Фото: facebook.com

Уақытша қашықтан оқыту кезінде мектеп оқушылары қажетті техникамен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Біз қашықтан оқыту жүйесін ұстанған кезде басқа дамыған елдерде де орын алып жатқан кейбір қиындықтар туындауы мүмкін екенін жақсы түсінеміз. Бір отбасында бірнеше оқушы оқыған жағдайда бір компьютер мен бір смартфонды пайдаланудың ыңғайсыздығы туындауы немесе қажетті техниканың мүлдем болмауы да мүмкін. Кейбіреулерде интернет байланысы да жоқ. Президент қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға тапсырма берді. Бұл мәселелер қазір ерекше бақылауда. Әкімдіктермен бірлесе отырып, мектептегі компьютерлерді оқушылар мен мұғалімдерге уақытша пайдалануға беру, тіпті, қажет болған жағдайда, мектептерге қосымша техника (планшеттер немесе компьютерлер) сатып алып, оларды да уақытша пайдалануға беру мәселелерін қарастырудамыз. Кейбір өңірлер бұл жұмысты бастап кетті», – деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации