Қашықтан білім алуға арналған платформалар

29 наурыз, 14:21

Фото: facebook.com

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram каналы балаларға қашықтан қосымша білім беруге арналған платформалардың тізімін жариялады.

Алматы, NEGE. Министрлік мәліметіне сәйкес, COVID-19 індетіне байланысты жарияланған карантин кезінде балаларға қашықтан қосымша білім алуға арналған платформалардың тізімі мынадай:

– Алматы қаласының Оқушылар сарайының бағдарламалары қашықтан оқу форматында қолжетімді. Оқу Zoom технологиясының базасында тұр;

– Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасынан көптеген туындыны/мақаланы/жұмыстарды/газеттер мен журналдарды тауып алуға болады. Сілтеме: http:kazneb.kz;

– KazTub онлайн-кинотеатры тегін жұмыс істей бастады. Онда отандық 100-ге тарта фильмді көруге болады. 20 мультсериалы бар Kaztube.balapan блогын да тамашалаңыз;

– Coursera студенттерге 3 800 онлайн-курсты ашты: https:coursera.org;

– ҰБТ-ға, қорытынды аттестатқа дайындалуға арналған онлайн-жаттығу жұмыс істеп тұр. Сілтеме – https://itest.kz/ru;

– «Филин» - иллюстрациялық жануарлар энциклопедиясы: http://www.filin.vn.ua/index.html

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации