Қашықтан білім алу сапаға әсер ете ме?

06 сәуір, 20:45

Фото: inform.kz

 ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекеттерде сабақ оқуды жалғастыра беру туралы шешімның маңыздылығы туралы айтты. 

Алматы, NEGE. «Төтенше жағдай кезеңі қашан аяқталатынын ешкім айта алмайды. Біз әлемдегі 167 мемлекеттің тәжірибесіне сүйенеміз. Миллиардтан астам оқушы қашықтан оқу режиміне көшті. Бізге екі түрлі ұсыныс айтылды, біріншісі, оқу процесін толық тоқтатып, жылдық баға қою. Мұнымен түбегейлі келіспейміз. Екіншісі, оқу процесін шілде айының аяғына көшіру. Тамыз айында оқып, қыркүйек айында қайтадан оқу жылын бастау балалар үшін қиын. Шілдеге дейін ұзақ уақыт үзіліс жасаудың мәнісі жоқ», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар, министр төртінші тоқсанда балалар үшінші тоқсанда өткен тақырыппен байланысты сабақтар өтетіндігін айтты. «Үшінші және төртінші тоқсандар бір-бірімен байланысты. Жазда мектептер жаңа оқу жылына дайындалып, жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Әлем елдері мемлекеттер сабақ оқуды жалғастыра беру туралы шешімді жайдан-жай қабылдаған жоқ. Бұл дұрыс саясат деп ойлаймыз. Бізге оңай болмайды, бірақ бұл – балаларымыз үшін де, білім жүйесіне де ең тиімді шешім», - деп толықтырды министр. Осы ретте министр қашықтан оқыту білім сапасына қалай әсер ететініне тоқталды. «Көп нәрсе кері байланыс жасайтын мұғалімге, мұғалімді қолдайтын ата-анаға байланысты. Мұғалім, оқушы және ата-ана бірігіп жұмыс істесе, дәстүрлі оқудан қарағанда жақсы нәтижеге қол жеткіземіз. Қашықтан оқу – өз өзіңмен жұмыс істей білу, ұйымдастыра білу, жобалық жұмыс, сондықтан ол оқушыны жаңа машыққа үйретеді», – дейді ол.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации