Қару-жарақ ұрлап, ұсталды

24 ақпан, 10:47

Фото: ҰҚК сайты

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қару-жарақ ұрламақшы болғандарды ұстады,  –  деп хабарлайды ҰҚК сайты.

Алматы, NEGE. Комитеттің мәліметінше, Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан 3 «Калашников» автоматы, 3 гранатаатқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 пистолет, 1700-ден аcа патрон мен қарудың керек-жарақтары алынды.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ішкі істер органдары қызметкерінің қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу фактісі анықталды. Лауазымды адам ҚР ІІМ теңгерімінде тұрған оқ-дәрілерді ұрлауды жүзеге асырған. Сонымен қатар, қару құрастыру бойынша жасырын шеберхананың әрекеті тоқтатылды», –  делінген комитеттің сайтында.

27 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айыруға сотталды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации