Қаражанбас кен орнындағылар суды тұщытып ішпек

30 қазан, 10:20

Фото: Қаражанбасмұнай

Арнайы тұщыландыру зауыты 2021 жылдың 1 тоқсанында іске қосылатын болды.

Зауыт көп сатылы сүзу технологиясын және кері осмос деминерализациясын қолдана отырып, теңіз суын өңдемек. Сонысымен тәулігіне 17 мың кубометр ауыз су алып отырады. Бұл кен орнында жұмыс істейтін мұнайшылар үшін өте жақсы жаңалық. Қазір «Қаражанбасмұнай» ауыз суды Астрахан-Маңғышлақ су құбырынан алып отыр. Ол Еділдің суы.

Енді зауыт беретін суды өздері ғана ішпей, Маңғыстау облысы тұрғындарының қажеттілігіне де жұмсамақ. Құрылысы аяқталғаннан кейін зауытта 50-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылады. Осылайша «Қаражанбасмұнай» технологиялық жағынан алға жылжымақ. Кен орнының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы бар. 2021 жылдан 2035 жылға дейінгі аралықта «Қаражанбасмұнай» кеншілері мұнай өндіруді кем дегенде 700 мың тоннаға арттыруды, ұңғымалардағы жөндеу жұмыстарының санын азайтып, грифин түзілуінің көлемін қысқартпақ.

Негізі «Қаражанбасмұнай» АҚ отандық шикізат өндірушілер арасындағы ең технологиялық компаниялардың бірі болып саналады. Олар биыл буды бірге бөлек айдаудың жаңа технологиясын енгізе отырып, бір әзірлеу ұяшығынан өндірілетін мұнай көлемін тәулігіне 4,5-7 тоннаға ұлғайта білді. Бұл әдіс елімізде тұңғыш рет қолданылды.

«Бұл былай жасалады. Біз бірінші ұңғыманың жанынан екінші ұңғыманы бұрғылаймыз», - дейді, «Қаражанбасмұнай» АҚ бас геологы Ержан Қадыров. «Содан кейін ескі ұңғымада төменгі горизонтты жабамыз, ол өз кезегінде жоғарғы бөлікке сорылады. Жаңа ұңғымада төменгі бөлікті тесеміз».

«Бұл горизонттан бұрын жеткілікті мұнай алу мүмкіндігі болған жоқ, өйткені төменгі горизонттағы айдау тиімділігі буды айдау талаптарына сәйкес келмеді. Ал қазір жаңа технологияның арқасында біз төменгі деңгей мен жоғарғы горизонтқа бір мезгілде әсер ете алдық»

Бұл бір уақытта ұяшықтың жоғарғы және төменгі жұмыс істейтін горизонттарына әсер етуге мүмкіндік берді. Яғни, егер бұрын бір ұяшықтан 33 тонна мұнай өндірілсе, қазір өндіру көлемі 38-40 тоннаны құрап отыр. Бүгінгі таңда 5 ұяшық әзірленуде және болашақта экономикалық тиімділікті ескере отырып, 20-25 ұяшыққа дейін жеткізу жоспарлануда.

«Қаражанбасмұнай» АҚ кен орнында буды айдау тиімділігін арттыру мәселелерімен белсенді түрде айналысады. Себебі өндірудің 60 проценті бу арқылы жүргізіліп отыр. Осыған байланысты бу айдау Қаражанбас мұнайшылары үшін өте маңызды жұмыс.

#қаражанбасмұнай #мұнай #бу
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации