Қараусыз ойнап жүрген балалардың ата-аналарына айыппұл салынады

30 наурыз, 15:55

Фото: ғаламтордан алынды

Көшеде және аулада ойнап жүрген балалардың ата-анасына айыппұл салынатыны туралы Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов онлайн брифинг барысында ескертті.

Алматы, NEGE. «Көшеде үлкен адамдардың қарауынсыз жүрген кәмелеттік жасқа толмағандар ерекше назарға алынады. Мұндай жағдайда олардың ата-анасы немесе қамқоршылары ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 476-бабы бойынша жауапқа тартылады», – деді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ, ол 65 жастан асқан азаматтарға үйден шықпауға кеңес берді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации