Қарасай ауданында тіркелген науқас Меккеден келген

21 наурыз, 13:29

Фото: tengrinews

Бүгін сағат 12-де елімізде коронавирус індеті бойынша Алматы облысында тағы бір науқастың тіркелгені туралы мәлім болды. 

Алматы, NEGE.  Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелге хабарласып, науқастың нақты қай ауданнан немесе елдімекеннен тіркелгенін сұрадық. Ол: "Алматы облысы, Қарасай ауданын тіркелді. Науқас жақында ғана Меккеден қажылықтан келген. 1986 жылы туған азамат. Қазір ауруханада жатыр. Толық ақпарат бүгін 3-те айтылады" деп қысқа жауап берді.

Әлі нақтыланбаған дерек бойынша, дерт жұқтырған науқас Қаскелең қаласында тұрады. Толық мәліметті бүгін сағат 15:00-дегі брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдейді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации