Карантиннен қашып кеткен Тараз тұрғынының кім екені белгілі болды

12 наурыз, 17:50

Фото: ҚазТАГ

Қазақстандықтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Оңтүстік Кореядан келгеннен соң карантиннен өтпестен белгісіз бағытта кетіп қалған адамның, құжатқа сәйкес, Мүбәрак Тұрдұматова есімді Тараз тұрғыны екені туралы полицейлердің тұспалдауларын таратып жатыр.

Алматы, NEGE. «8 наурызда шамамен 6.00-де Оңтүстік Корея Республикасынан келген 1978 жылы 5 тамызда туған Жамбыл облысы Тараз қаласының М.Н.Тұрдұматова есімді тұрғыны карантиндік шарадан өтпестен белгісіз бағытта кетіп қалған және қазіргі уақытқа дейін оның қайда екені белгісіз. Жоғарыда айтылғандар негізінде М.Тұрдұматованың жоғарыда аталған мекенжайын тексерулеріңізді және оның қайда жүргенін анықтау шараларын жүргізуіңізді сұраймыз», - делінген Шымкент полициясы департаментінің бастығы Арман Бейсенбаев қол қойған құжатта.

Бұған дейін хабарлағандай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің коронавирус салдарынан арнайы алдын алу шараларын жүзеге асыруға кірісетінін мәлімдеген болатын.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации