Карантинде жатқандармен қарым-қатынас шектеледі

13 наурыз, 18:53

Фото: kursiv.kz

Бұл туралы Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді. 

Алматы. NEGE. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы барынша сақтық шараларын сақтау керектігін тілге тиек етті. Айтуынша, үй жағдайындағы карантинде жатқан адамдар сыртқа шықпауы керек және вирусты таратпау үшін дезинфекциялау жұмыстарын жиі жүргізгені дұрыс.

«Егер  14 күннің ішінде жағдайы төмендеп кетсе жедел жәрдем шақыруы керек. Жергілікті тіркелген емханаға хабарласса, дәрігерлер келеді. Қол беріп амандаспау қажет. Жағдайға байланысты ақпарат таратқандар және ауырғанын жасырғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді Тілеухан Әбілдаев.

Адамдар көп жүретін қоғамдық орындар мен шетелге шығуды шектеу керектігін де айтып өтті.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации