Карантинде жабылған нысандар қашан ашылады?

30 шілде, 20:08

Фото: google.com

Қазақстандағы сауда нысандарының алғашқысы қашан ашылады? Бұл сұраққа Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді.

Алматы, NEGE. «17 тамыздан бастап – санитарлық талаптарға жауап беретін нысандар жұмысын бастайды», – деді Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық санаттағы азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлар, балалардың коррекциялық кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, топтық үйірмелер (бес баладан аспауы керек), балалардың мектепке дейінгі мекемелері (кезекші топ режимінде жұмыс істеуге рұқсат), сән-салондары, косметикалық қызмет көрсететін орталықтар осы талаптарға сай болуы керек.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации