Карантин нәтижесін беріп жатыр

03 сәуір, 09:36

Фото: inform.kz

 ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясымен күрес бойынша елімізде енгізілген карантин шараларының нәтижесін айтып берді.

Алматы, NEGE. «Өткен аптада науқастар санының көбеюі күн сайын 30-50 пайыз аралығында құбылып тұратын. Ел бойынша карантин шаралары күшейтілген соң, республика бойынша жалпы өсім 9-12 пайызға дейін төмендеді. Бұл Үкімет пен өңір әкімдері жүргізген карантин шараларының тиімділігін көрсетеді», - деді министр апта басынан бері Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин шаралары күшейтіліп, жұмыссыз апта жарияланғанын еске салды.

«Ауру жұқтыру жағдайларының 30 пайызы еңбек ұжымдарында тіркелгенін айтқан едік. Жұмыс орындары инфекцияның таралуына айтарлықтай ықпал етті. 28 наурыздан бастап, Нұр-Сұлтанда науқастар өсімі күніне 60 жағдайдан 15 жағдайға дейін төмендеді. Алматыда 8-ден 2 жағдайға дейін азайды. Мұның барлығы - карантин мен оқшауланудың тиімді болуынан. ТЖ бойынша мемлекеттік комиссия шешімімен Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы жұмысты тоқтату тағы бір аптаға созылды. Бұл екінші апта еңбек ұжымдарындағы, қоғамдық орындардағы байланысты азайтып, инкубациялық кезеңде жүрген науқастарды анықтауға мүмкіндік береді», - деді Елжан Біртанов.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации