Карантин кезінде қызметкерлерімен моншаға барған әкім «қатаң сөгіс» алды

22 мамыр, 12:34

Фото: inform.kz

 Карантин кезінде қызметкерлерімен моншаға барған Шардара ауданының әкімі «қатаң сөгіс» алды. Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесі мүшелері шенеуніктің мәселесін қарап, осындай тәртіптік жаза тағайындады.

Алматы, NEGE. Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында мәлім болғандай, Шардара ауданының әкімі мемлекеттік қызметшілермен бірге моншада демалған. Ол төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссияның төрағасы бола тұра, өзінің іс-әрекетімен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болғаны анықталған. Сонымен қатар, қызметтік автокөліктің жұмыстан тыс уақытта пайдаланылуына жол берген.

Отырыс нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңестің шешімен Шардара ауданының әкімі Қ.Жолдыбайға «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды. Сондай-ақ, аудан әкімінің аппарат басшысы Ғ.Амантайға және Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ш. Райхановқа «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации