Карантин ережесін бұзғандарға айыппұл салынады

07 сәуір, 19:42

Фото: tengrinews.kz

Алматыда төтенше жағдай режимін бұзған әрбір оныншы тұрғынға айыппұл салынады, - деп хабарлайды tengrinews.kz.

Алматы. NEGE. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Тәймерденов Instagram желісінде жүргізілген тікелей эфир барысында айтты. 

Оның айтуынша, полицейлер тұрғындардың барлығына айыппұл салып жатқан жоқ.

"Біз төтенше жағдай режимін бұзған он адамның біреуіне ғана айыппұл саламыз. Бастапқыда халықпен түсіндірме жұмысын жүргіземіз. Бірақ егер де ол ереже бұзушылық қайталана берсе, яғни ол адам қайта ереже бұзса, оған айыппұл салынады", - деп түсіндірді ол.

Полицейлер себепсіз сыртта жүрген 105 адамның жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Олардың 55-іне айыппұл салынған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации