USD
USD
USD

Қарағанды облысының Бас санитарлық дәрігері қызметінен кетті

Қанат Асқаров Қарағанды облысының Бас санитарлық дәрігері қызметінен босатылды.

Қарағанды облысының Бас санитарлық дәрігері қызметінен кетті
Фото: NEGE.kz

Қарағанды, Nege. Қарағанды облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол жұмыстан өз еркімен кеткен. «Қанат Қырғызбайұлы Асқаров денсаулық жағдайына байланысты өз еркімен жұмыстан шығарылды» деді ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, Қ.Асқаров бұл қызметке 2019 жылдың қараша айында тағайындалған еді. Сол кезге дейін Саран қаласының орталық ауруханасының директоры болған. Ведомствода бос лауазымға кімнің тағайындалатыны хабарланған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті