Қарағанды облысында соңғы тіркелген үш науқастың жағдайы ауыр

05 сәуір, 16:44

Фото: Кaztag.kz

Қарағанды облысында коронавирус індетін жұқтырған соңғы төрт науқастың жағдайы туралы өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті. "Бүгін коронавирус инфекциясының тағы 4 жағдайы тіркелді. 3 науқас ауыр жағдайда реанимациялық бөлімде, 1 науқастың жағдайы орташа", - деді ол. Нұрлыбаевтың айтуынша, Қарағанды облысында тәулік бойы бақылаумен 824 адам карантинде жатыр. Одан бөлек, үй карантинінде 1 339 адамның бар екендігін жеткізді. "Олардың барлығы өзін жақсы сезінеді, ауру белгілері жоқ", - деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации