Қапшағайда жол жөндеуге арналған ақша жымқырылды

18 қыркүйек, 17:23

Фото: ғаламтордан

 Қапшағай шенеуніктері жолдарды жөндеуге бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді, деп хабарлады Tengrinews.kz. Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте Қапшағай автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты ақша жымқырды деген күдікпен соталды тергеу басталды. Шенеуніктер орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып, ЖШС шотына ақша аударған, бірақ іс жүзінде жөндеу аяқталмағаны хабарланды. Бұл Заречныйда болды. «Мемлекетке 14 миллион теңгеден астам ірі көлемде залал келтірілді. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді», - деді Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации