Қаңырап бос тұр: Алматыда демалыс парктері жабылды

21 наурыз, 12:40

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

Алматыда карантинге байланысты барлық қалалық демалыс парктері жабылды.

Алматы, NEGE. Коронвирустың бұдан әрі таралуының  алдын алу мақсатында 2020 жылдың 21 наурызынан бастап Алматы қаласындағы барлық ұлттық саябақтар уақытша жабылады.

«Алматылықтардың карантин кезінде Тұңғыш Президент саябағына, Орталық мәдениет және демалыс саябағына, 28 Панфиловшы паркіне, Family Park, Ботаникалық баққа, «Қиял әлемі» саябағына, Алматы зообағына, Алма-арасан және өзге де адам көп жиналатын орындарға барудан бас тартуларын сұраймыз», - делінген хабарламада.

Аталмыш демалыс парктеріне ешкім кіргізілмейді.

Еске сала кетсек, бұған бұрын қалалық Әкімдіктің шешімімен Медеу, Шымбұлақ, Пионер, Көк-Төбе, сондай-ақ, ішкі туризм бойынша экскурсияларды жүзеге асыратын туристік ұйымдардың қызметі COVID-19 эпидемиологиялық жағдайы тұрақтанғанға дейін уақытша тоқтатылған болатын.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации