Қалбатау – Майқапшағай жолын биыл ашу жоспарланып отыр

22 мамыр, 16:30

Фото: ғаламтордан алынды

Шығыс Қазақстан облысында ұзындығы 415 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар Қалбатау – Майқапшағай жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда.

Алматы, NEGE. Жаңа жол сапарға жұмсалатын уақытты екі есеге қысқартуға, сондай-ақ оның өткізу қабілеті мен өңірдің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда «China Xinxing Group» жол компаниясы мен «СП «КазГерСтрой» ЖШС 4500 мыңнан астам текше метр жер қазу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар мұнда 85 су өткізу құбыры, 46 малөткелі салынды.

Мұнымен қоса мамандар 73,8 шақырымда құмды-қиыршық тасты қоспадан жасалған жолдың төсеме қабатын, 48,7 шақырымда жол негізінің төменгі қабатын, 27,8 шақырымда жоғары кеуекті ірі түйіршікті асфальт-бетоннан жасалған жол негізінің жоғарғы қабаты мен 19,5 шақырымда тығыз ірі түйіршікті асфальт-бетоннан жасалған жол жабындысының төменгі қабатын жайластырды. Барлық жұмыстың сапасын «ЮВПЭК-Астана» ЖШС бақылайды. Қайта жаңарту жұмыстарынан өткен соң нысан 2 жолағы бар ІІ техникалық санаттағы жолға сәйкестендіріледі. Сондай-ақ жобаға сәйкес мұнда 38 көпір мен жол өткелдері, 345 су өткізу құбыры мен мал өткелдер, сондай-ақ 14 демалыс алаңының құрылысы қарастырылған. Қайта жаңарту жұмыстарына 684 техника мен 1357 адам жұмылдырылды.

Жоба 2022 жылы толықтай аяқталады деп күтілуде. Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысы арқылы республикалық маңызы бар жолдардың 2807 шақырымы өтеді. Бүгінгі таңда жолдардың 82,2% жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда. Еске салайық, автомобиль жолдары саласын дамыту аясында Қазақстанда 2020 жылы республикалық маңызы бар жолдардың 4000-нан астам шақырымы құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылса, көлік қозғалысы жолдардың 2600 шақырымында ашылмақ.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации